Міндетті түрде тігу керек

Міндетті түрде тігу керек

Неліктен қазақстандықтар қытай, түрік, қырғыз киімдерін киеді? Статистика деректеріне сәйкес республикада шетел өндірушілерімен бәсекеге түсуге қабілетті 1 100 астам отандық компаниялар жұмыс істейді. 

Біздің өңірде 122 кәсіпорын тіркелген, оның 102-сі әрекет етеді.

Кадрлар үнемі бәрін шеше бермейді

Соңғы бірнеше жылда отандық өндірушілер арнайы киім мен әскери киім шығаруда ұстанымын берік сақтап тұр. Олардың кейбіреулері мектеп костюмдерін тігеді. Алайда, қазақстандық тігіншілердің айтуынша ішкі нарықты балалардың да, ересектердің де киімдерімен толық қамтамасыз ете алады. Оларға не бөгет болып отыр?

«Фортуна» тігін фабрикасы – әлеуметтік бағдарланғандардың бірі. «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының белсенді қатысушысы бола отырып, ол соңғы үш жыл бойы жаңа мамандықты меңгергісі келгендер үшін оқу және тәжірибе базасы болып табылады.

- Біз оқу орталығына ресми түрде жұмыссыз болып тіркелген адамдарды аламыз. Қысқа мерзімді курстарды бітіргеннен кейін тыңдаушылар екінші разряд алып, бізде қалады. Осылайша, біз ұжымның үлкен бөлігін жинадық. Әрине, қысқа мерзімді курсты бітіргеннен кейін өз бетімен кеткендер де бар, - деді, «Фортуна» тігін фабрикасының жалпы мәселелер бойынша директоры Динара Бексұлтанова.

Карантин уақытында да оқу мұнда тоқтатылған жоқ. Алдымен онлайн теориядан өтті, кейін санитарлық дәрігердің рұқсатын алып, білімін тәжірибе бекітті.

Ұжым шағын ғана – 43 тігінші, олар кез келген киімді шығаруға дайын және жергілікті базарды толтыра алатындарына сенімді. Алайда карантин уақытында дүкендер қызметінің уақытша тоқтатылуына байланысты жағдай қиын болды, ал интернет-сатуларды тігіншілер әлі меңгерген жоқ. Сондықтан, сертификат алған цех бойынша көптеген әріптестеріміз сияқты бетперде дайындай бастадық.

- Дағдарыс біздің жұмысымызға әсер еткені сөзсіз. Тапсырыстар саны күрт азайды. Сондықтан біз мемлекет қолдауына үміттенеміз. Бірінші кезекте – салыққа босаңдық жасау, - деді Динара Бексұлтанова.

Әмбебап тігіншілер

Көпшілік қолданатын тақырыпқа оралатын болсақ, фабрика башысы олардың жұмысындағы ең бастысы – сұраныс деп атап өтті. Ал тапсырыстар көбіне зауыт жұмысшылары, полиция, әскер, спортшылардың бірыңғай формалы киімдеріне немесе ұлттық костюмдерге түседі.

- Барлығын қатарынан тігеміз, әйтпесе жұмыссыз қаламыз. Ал бұған жол беруге болмайды, себебі бізде бала тәрбиелеп отырған әйелдер жұмыс істейді. Біздің сала бір кәсіпорын тек жейде, біреуі – шалбар, ал үшіншісі – көйлек шығаратын басқа елдердегі сияқты деңгейге жеткен жоқ. Біз «әмбебап жауынгерлерміз», - деп мәлімдеді, жалпы мәселелер жөніндегі директор.

Соған қарамастан тапсырысқа тіккізген тиімді. Әсіресе мемлекеттік және коммуналды ұйымдармен не ірі бизнеспен келісімшарттар сөзсіз кепілдіктер береді, ал өнім үнемі өткізіледі.

Тігіншілердің жаппай киім шығармауының тағы бір себебі – бұл тауарға бағаны шырқататын сатушылар.

- Әрбір жағдайда бұл сома  100% жоғары құрайды. Оларды да түсінуге болады, себебі ғимаратты жалға алған ақшасын төлеп, жалақыға қалдыру керек. Біз де өнімнің өзіндік құнын төмендете алмаймыз, себебі ол МЕМСТ стандартына сәйкес келеді және сапа сертификаты болады. Сонымен бірге, отандық маталар фурнитура сияқты арзанға түспейді. Және барлық шикізаттар Қазақстанда шығарылмайды, алайда біз цех бойынша өз әріптестерімізді үнемі қолдауға тырысамыз, - деп ұйғарады, Динара Бексултанова.

Даму үшін не қажет?

Негізгі мәселелер және оларды шешу жолдары туралы Қарағанды облысының Кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңесінің жанындағы жеңіл өнеркәсіп комитетінің төрағасы Андрей Шмарин баяндады.

- Біздің кәсіпорындарымыздың бағыты алуан түрлі – нарықтағы тауар бұйымдарынан ірі кәсіпорындарға жеткізуге дейін. Алайда ересектерге арналған киім әлі аз ұсынылады. Біздің фабрикалар тек бірнеше жергілікті дизайнерлермен жұмыс істейді. Процесстің өзі шиеленісіп кетті, себебі нарық Қытай мен Қырғызстан тауарларымен толыққан, - деп санайды Андрей Шмарин.

Саладағы проблемалардың арасында жіп, мата, астарлық мата және т.б. шикізат базасының болмауын атап өтті. Бұрынғыдай кадр жетіспеушілігі сезіледі.

- Импорттық аналогтардың жоғары бәсекелестігіне байланысты шығарылатын өнімнің төмен шектеулігі де байқалады. Импортталатын тауардың нақты сертификациялық бақылауы жоқ. Ақыр соңында, ең маңызды сұрақтардың бірі – кәсіпорындардың аккредиттелуі, - деп, жеңіл өнеркәсіп комитетінің төрағасы сенімді айтты.

Саланы дамыту драйверлері ретінде ол отандық тауар өндірушілердің өнімін өткізу нарығын құруды көреді. Андрей Шмариннің пікірінше, мемлекет мектеп формасын тігуде фабрикаларды одан әрі қолдауы, индустриалды сертификат арқылы мемлекеттік сатып алуларда артықшылық жасауы және ең аз баға қағидасын жоюы, мемлекеттік сатып алу жүйесіне ұзақ мерзімді шарттарды енгізуі тиіс.

Саланы қолдау үшін өткен жылдан бастап «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасының шеңберінде жеңілдіктік несиелендіру әрекет етеді. Үкіметпен 2021 жылға дейін Жеңіл өнеркәсіпті дамытудың жол картасы бекітілді.

- Бұл біздің проблемаларымызды шешуге қабілетті өте жақсы бағдарламалар. Олардың арқасында фабрикалар жабдықтарын жаңғыртады, айналым құралдарын толықтырады. Сонымен бірге, біздің саланы fashion-индустрия типі бойынша қайта құру керек. Біз уақытпен қатар жүруіміз керек және сәнді киімдер шығаруды бастау керек, - деп Андрей Шмарин атап өтті.

Ал мұндай ірі міндеттерді шешу үшін кәсіпорындарды консорциумдарға біріктіру керек деп санайды спикер.

- Жаңартылған жеңіл өнеркәсіп - бұл жұмыс орнының төмен құнымен жаппай жұмыс қамту және ең алдымен әйелдердің жұмыспен қамтылуы. Біз жаңа экономиканы құруға ұмтылуымыз, ішкі нарықты толтыруымыз және экспортты дамытуымыз керек. Біздің өнім бізге әкеліп жатқандардың ешқайсынан кем емес, тіпті одан жақсы болуы мүмкін, - деп баса айтты.

inkaraganda.kz