Кезекші сыныптардағы балаларға медициналық қолғап керек емес, бетперде міндетті - Денсаулық сақтау министрлігі

Кезекші сыныптардағы балаларға медициналық қолғап керек емес, бетперде міндетті - Денсаулық сақтау министрлігі

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қоджахметов кезекші сынып оқушылары сабақта медициналық қолғаппен отыру керектігі туралы ақпаратты жалған деп мәлімдеді.

- Балаларға медициналық қолғап кигізу міндетті емес екенін растап айтқым келеді. Бұл жалған ақпарат қазір әлеуметтік желілерде таралып жүр. Ол шындыққа сәйкес келмейді, - деп, Орталық коммуникация қызметіндегі онлайн-брифинг уақытында Бағдат Қоджахметов мәлімдеді.

Спикер қорғаныш бетпердесін тағу міндетті екенін түсіндірді.

- Балалар ересектерге қарағанда аз ауырады, соған қарамастан олар осы аурудың тасымалдаушысы болып табылады және тәуекел тобына кіретіндер мен қария адамдарға жұқтыруы мүмкін, - деп түсіндіре кетті. – ҚР бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысы бойынша бес жастан бастап барлық азаматтар бетперде тағуға міндетті.

Қарағанды облысында 505 жалпы білім беретін мектеп жұмыс істейді. Бірінші қыркүйекте 200 мыңнан астам мектеп оқушылары оқуға кіріседі. Олардың көпшілігі үшін жаңа оқу жылы қашықтықтан басталады. Елді мекендердегі 193 шағын жинақты мектептерде оқу дәстүрлі түрде өтеді.

Бастауыш мектеп оқушылары үшін кезекші сыныптар ұйымдастырылған. Олардың әрқайсысында адам саны 15-тен аспауы тиіс. Облыста шамамен 3500 кезекші сынып бар. Сабақтар уақыты қысқартылады. Өңірдің барлық оқу орындарында санитариялық режим күшейтілген, қажетті дезинфекциялаушы заттар салып алынды.