
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 24 тамыз күні сағат 11:00-де онлайн форматта ашық есік күнін өткізеді. Тақырыбы – «Бірінші жарна – БЖЗҚ-на қош келдіңіз!».
Күн тәртібіндегі басты мәселе жаңа салымшылардың қор жұмысымен танысуы болады. 2019 жылдың 8 қаңтарынан бастап жеке тұлғаның міндетті зейнетақы жарнасының есебі бойынша жеке зейнетақы шотын ашу үшін БЖЗҚ-ның қызмет көрсету кеңсесіне барудың қажеті жоқ екені баршаңызға мәлім.
2020 жылдан бастап миллионнан астам жаңа шоттар автоматты режимде ашылды және салымшылардың көбісі осы ашық күнінде «БЖЗҚ» АҚ-ның жұмысымен алғаш рет танысады.
Қор мамандары Қазақстанның зейнетақы жүйесінің ерекшеліктері, өзінің зейнетақы капиталын қалыптастыру маңыздылығы, жеке зейнетақы шотының жағдайы туралы ақпарат алу тәсілдері баяндайды, зейнетақы калькуляторының көмегімен келешек зейнетақысын есептеп береді, қордың салымшылармен өзара әрекеттерінің арналары туралы және басқа да ақпараттармен бөліседі.
Барлық ниет білдірушілер тек іс-шара тақырыбы бойынша ғана емес, сонымен бірге зейнетақы жүйесі мен жеке зейнетақы жинағына қатысты өзге де сұрақтарға жауаптар ала алады.
Іс-шараға қатысу үшін тіркелу қажет. Әрбір қатысушыға https://enpf.webex.com/enpf-ru/onstage/g.php?MTID=ef426e265b1b00f35855a0e5399a181cf сілтемесі бойынша өту керек. Осыдан кейін event-отырыстың нөмірін: https://enpf.webex.com/enpf-ru/onstage/g.php?MTID=e62902a0100362c5ccd6786fbe43cbe3b және 112825 паролін енгізу керек.