
Астық жинау науқанының барысы бүгін, 24-тамызда, Қарағанды облысының аппарат отырысында талқыланды. Науқан өңірдің барлық аудандарында басталды. Биылғы жылы қандай өнімділік күтуге болатыны туралы Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Сағынжан Апакашов мәлімдеді.
- Бүгінде дәнді дақылдардың орташа өнімділігі 1 гектардан 9,8 центнер құрайды. 59,1 мың тонна астық соғылды. Картоп 275 гектар алаңнан жиналды - 4 290. Орташа өнімділік – 1 гектардан 156 центнер. Көкөністердің жалпы жиыны 2 320 тонна құрайды, - деп мәлімдеді.
Болжам бойынша, осы жылы жиналған астықтың жалпы мөлшері бір гектардан 9,9 центнер болуы тиіс. Картоптың жалпы мөлшері шамамен 284,7 мың тоннаға жоспарлануда.
Астық жинау науқанында 2 345 астық жинаушы комбайн іске тартылды, оның 12-сі үстіміздегі жылы сатып алынды. Картоп жинауға 16 картоп жинаушы комбайн мен 72 картоп қазғыш қатысады. Барлық комбайндар дайын, отын қажетті мөлшерде.
Астық жинау науқанын 20-қазанда толық аяқтау жоспарлануда. Картопты 1-қазанға дейін жинау болжамдануда.
«Казгидромет» болжамы бойынша биылғы жылдың қыркүйегі жауын-шашынды болады. Ауа-райы астық жинауға бөгет жасамауы үшін, өңірлерде астық кептіргіштер дайындалуда.
Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек аудан басшыларына астық жинауды ерекше бақылауда ұстау керектігін тапсырды.