
Қазақстанда «Жануарлар - менің достарым!» Бүкілқазақстандық балалар сурет байқауының қорытындысы жасалды. Байқаудың бас демеушісі Edu Stream YouTube-та онлайн марапаттау салтанатын өткізді және жеңімпаздарды жариялады.
Абай қаласынан 13 жасар Мархаба Әлімбекова (Қарағанды облысы) екінші орын алды. Жеңімпаздар ұйымдастырушылардан бағалы сыйлықтар алды.
Байқау 1-сәуірден басталды. Ол Біріккен Ұлттар Ұйымының Қоршаған орта бағдарламасының Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні шеңберінде Білім және ғылым министрлігінің, Мәдениет және спорт министрлігінің, «Балалар имиджі» Қоғамдық қорының, Edu Stream бас серіктесінің, сондай-ақ «Технодом» және «Нағыз Буратино» компанияларының қолдауымен өткізіледі.
Қазақстанның төрт мыңнан астам балалары құзыретті әділқазы пікіріне өз жұмыстарын ұсынды.
Абай қаласының №14 мектебінің оқушысы, 13 жасар Мархаба Әлімбекова байқауға саздан жасалған үй таутайлағының бейнесін жіберді. Суретпен 2014 жылдан бастап айналысады, өңірлік, республикалық және халықаралық байқауларға қатысқан және жүлделі орындар алған
Бас марапат байқауы Вена қаласында 2021 жылдың көктемінде өтеді. Көрмеге арналған жұмыс түпнұсқалары «Жануарлар - менің достарым» және «Менің жасыл ғаламшарым» атты екі байқау қорытындылары бойынша таңдалады.
«Менің жасыл ғаламшарым» байқауы 2020 жылдың қыркүйек айының басында www.alembala.kz сайтында басталады.