
Елбасының «Ел Үміті» бастамасы шеңберінде биыл алғаш рет Myń bala республикалық ұлттық олимпиадасы өтті. Жоба еліміздің үздік мектептерінде білім алу үшін ауылдық жерлерден мыңдаған қабілетті 5–6 сынып оқушыларын жыл сайын анықтауға бағытталған.
Олимпиада ұйымдастырушысы – «Елбасы Академиясы» қоры.
21-тамызда Myń bala республикалық ұлттық олимпиаданың екінші облыстық кезеңі өтті. Қарағанды облысында бірінші турға 8 320 оқушы қатысты. Екінші турға 200 мектеп оқушысы өтті, олардың 170-і сайысқа түсті.
Олимпиада Қарағанды қ. НЗМ ХББ, Жезқазған қ. №9 тірек мектебі, Жаңарқа ауданындағы Б.Амалбеков атындағы орта мектеп және Қарқаралы қ. Балалар және жасөспірімдер орталығы базасында өтті.
Екінші турдың барлық қатысушыларына одан әрі оқуға арналған El Úmiti дамытушы онлайн-платформасындағы курстарға тегін қолжетімділік берілді.
Myń bala олимпиадасының республикалық кезеңінің мыңдаған жеңімпаздарына дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептерде оқу ұсынылады.