
Қарқаралы ауданында жаңа медициналық пункт пен ФАП іске қосылды. Олар Жаңатоған және Жарлы ауылдарында ашылды.

Жаңатоған ауылындағы фельдшерлік-акушерлік пункт 565 адамға есептелген – Жаңатоған ауылдық округінде сонша адам тұрады.

Жарлы ауылындағы жаңа медициналық пункт барлық қажетті жиһаздармен және техникамен жабдықталған. Онда бактерицидтік сәулелендіргіштер, дефибриллятор, телекардиограф және басқа жабдықтар бар.
