Бұқар Жырау ауданының 3 ауылындағы спорт залына бокс пен күреске арналған жаңа жабдықтар орнатылды

Бұқар Жырау ауданының 3 ауылындағы спорт залына бокс пен күреске арналған жаңа жабдықтар орнатылды

Бұқар Жырау ауданының үш ауылының спорт залына бокс және күреспен айналысуға арналған заманауи жабдықтар орнатылды. 

Жаңарту "Қазақстан халқына" ҚҚ "Батыр боламын" қорымен серіктестікте іске асырған ауылдардағы спорт залдарын жарақтандыру бағдарламасының арқасында мүмкін болды.

Қазіргі заманғы жабдықтар Үштөбе, Центральное және Баймырза ауылдарында пайдаға берілді. Спорт залда ринг, кілем, тұлып орнатылды. Сондай-ақ, қор өкілдері спорттық құрал-жабдықтар сыйға тартты.

– Үштөбеде жергілікті мешіттің жанынан күрес залы ашылды. Мұнда тек медресе оқушылары ғана емес, ауыл балалары да бокспен және күреспен айналысады, – дейді Бұқар Жырау ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Олег Цыганков. – Баймырзада бокс және волейболға арналған спорт залы мәдениет үйінің жанынан ашылды. Мұнда кез-келген ниет білдіруші тегін айналысады.

Центральное ауылының мәдениет үйінде спорт зал ұзақ уақыт жұмыс істемей тұрған. Биыл аудандық бюджеттен қаражат бөлінді. Зал қалпына келтірілді, күрделі жөндеу жүргізілді. 

Еркін күрес және волейбол секциялары ашылды. Шағын спорт залы бар. Келесі жылы садақ ату секциясын ашу жоспарланып отыр.