К. С. Станиславский атындағы қарағанды театрында жаңа пьеса қойылады

К. С. Станиславский атындағы қарағанды театрында жаңа пьеса қойылады

К. С. Станиславский атындағы театрда жаңа пьеса дайындалуда. Тек әйелдер құрамында актерлер ойнайтын «Қызойнақ» қойылымын көрермендер жаңа маусымда көре алады.

Лора Каннингтің «Қызойнақ» пьесасы қуанышты оқиғаны тойлауға жиналған орта жастағы алты құрбының тарихын баяндайды – олардың бірі жуыр арада алғаш рет ана атанбақшы. Алайда оқиға  трагикомикалық айналымға айналады, және кеш жарасымды әзілдерге және  теңдессіз шынайылыққа толы сыр ашу түніне айналады.

 - Біз бұл пьесаны тек ер азаматтар қатысатын «Арманға қарсы» премерасынан кейін қойғымыз келген. Әрине біз қойылымнан қатты масаттандық, алайда тек әйелдер спектаклін қойсақ жаман болмас еді деп қалжыңдап қойдық. Кейін мен Лора Каннингың пьесасын есіме алып, директорымыз Дунай Еспаевпен өз бастамаммен бөлістім. Ол әрине келісті, - деп әңгімеледі, актриса және «Қызойнақ» режиссер-қоюшы  Галина Турчина.

Жаттығулар ақпанда басталған болатын, карантин уақында актрисалар ZOOM және басқа бағдарламалар арқылы байланысып, онлайн-режимде жаттығу жасап жүрді. Қатаң шектеулер алынғаннан және театр қызметкерлеріне қайтадан бірге жиналуға рұқсат бергеннен кейін сахнада жаттыға бастады.

 - Жуырда біз спектакльді басшылыққа көрсеттік. Оны жақсы қабылдады. Репертуарға қойылымның қашан кіретіні әзірге белгісіз. Бұл енді жаңа маусымда көрсетілетін шығар, - дейді Галина Турчина.

 «Қызойнақ» спектаклі 15 жыл бойы Лондон, Нью-Йорк, Ресей және басқа қала театрлерінде қойылған. Қарағандылық көрермендерге бұл қойылымды көрсету бірінші рет жоспарлануда.