Үздік ұшқыш: он бір жасар қарағандылық дрон жарысының жеңімпазы атанды

Үздік ұшқыш: он бір жасар қарағандылық дрон жарысының жеңімпазы атанды

Қарағандылық Тимофей Муравьев East Drone Race-2024 республикалық FPV-дрон жарысы байқауында бірінші орын иеленді. Қазақстанның ең жылдам Woop-ұшқышы атағы үшін 12 адам күресті.

Жарыс Өскемендегі О. Рыпакова атындағы жеңіл атлетика орталығында өтті. Сайысқа Астана, Алматы, Абай, Ақмола, Қарағанды, Батыс Қазақстан облыстарының спортшылары қатысты.

Ұшқыштардың міндеті – тинивуппен (кішкентай квадрокоптерлермен) элементтерді өткізбестен мүмкіндігінше тез ұшу. Бұған белгілі бір уақыт бөлінді. Әрбір ұшқыштың өзінің квадрокоптері және барлық қажетті жабдықтары болуы керек.

Жарыста бірінші орынды 11 жасар қарағандылық Тимофей Муравьев иеленді.

– Ұлым екеуміз бірге жарысқа қатысып, команданы NSP KazGeoScan деп атадық. Тимофей бар күш-жігерін жинап, жеңіске жете алды, ал мен толқудың салдарынан бесінші орынға ие болдым, – дейді жеңімпаздың әкесі Сергей Муравьев. – Басты қарсыластар алматылықтар болды. Жалпы, жарыстар өте жақсы ұйымдастырылды. Ұшуға ыңғайлы кешен құрылған. Мұндай сапарлар өте қажет. Олар спортшының мүмкіндіктерін, оның күшті және әлсіз жақтарын көрсетеді. Демеушілерге қолдау көрсеткені үшін алғыс айтамыз.

Қазіргі уақытта Тимофей мен Сергей Муравьев далада белсенді жаттығады және жаттығуға қолайлы бөлме іздейді. Алда олар қазақстандық және халықаралық жарыстарға қатысады.