Тұрғын-үй құрылыс жинақ банкі «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша өтініштерді қабылдау туралы жариялады

Тұрғын-үй құрылыс жинақ банкі «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша өтініштерді қабылдау туралы жариялады

Тұрғын-үй құрылыс жинақ банкі пилоттық режимде 1986 жылдан 2010 жылға дейін жергілікті атқарушы органдарда (ЖАО) баспанаға мұқтаж ретінде есепте тұрған кезектегі адамдар үшін «Шаңырақ» немесе «5-10-20» деп аталатын «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының жаңа бағытын жүзеге асыру басталады.

2020 жылы мемлекеттік бюджеттен «Шаңырақ» пилоттық жобасын жүзеге асыру үшін 210 миллиард теңге бөлу жоспарлануда. Қаражаттың бірінші бөлігі - 90 миллиард теңге - Тұрғын-үй құрылыс жинақ банкіне бағытталды.

Осы бюджет шеңберінде шамамен жеті-сегіз мың қазақстандық отбасыларды қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету жоспарлануда. Жылдық 5%-бен қарыз алу үшін бағдарлама қатысушысына ЖАО-ында есепте тұрған кезектегі адам болуы,  Тұрғын-үй құрылыс жинақ банкінде қарыз сомасынан 10% мөлшерінде минималды бастапқы жарнамен өз шоты болуы қажет. Несиелендіру мерзімі - 20 жылға дейін.

1986-2010 жылдардың кезектегі адамдарынан өтініштерді қабылдау мерзімі бітсімен, банкте «Шаңырақ» жобасы шеңберінде несиелендіру үшін қаражат бар болған жағдайда, кейінгі жылдары есепте тұрған кезектегі адамдар екінші кезеңге шақырылуы мүмкін.

Бағдарламаға қатысу үшін соңғы 6 ай ішіндегі еңбек және/немесе кәсіпкерлік қызметтен түскен отбасы табысының (зейнетақы төлемдерінің, жеке табыс салығы мен міндетті төлемдердің есебінсіз) болуы талап етіледі. Отбасының бір мүшесіне табыс мөлшері 101 271 теңгеден аспауы тиіс.

Осы бағдарлама бойынша баспана тек бастапқы нарықтан сатып алынады.

Қатысуға және төлем қабілеттілігін бағалауға өтініш  Тұрғын-үй құрылыс жинақ банкінің клиенттерінен және ТҮҚЖБ қызметтерін қолданбайтын тұлғалардан да hcsbk.kz сайты арқылы қабылданады. Өтініштерді беру мерзімі - 2020 жылдың 17 тамызынан 16 қыркүйегіне дейін.