ХҚКО мен арнайы ХҚКО мереке қарсаңында қалай жұмыс істейді

ХҚКО мен арнайы ХҚКО мереке қарсаңында қалай жұмыс істейді

Мамандандырылған орталықтарды қоса алғанда, халыққа қызмет көрсету орталықтары дүйсенбі, 16 желтоқсанда жұмыс істемейді. Бұл туралы "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы хабарлады.

Бұл ретте сенбі, 14 желтоқсан кезекші орталықтар үшін жұмыс күні болып табылады. Қызметтерді 09:00-ден 13:00-ге дейін алуға болады.

Сейсенбі, 17 желтоқсанда еліміздің ХҚКО-лары мен арнайы ХҚКО-лары азаматтарды әдеттегі кесте бойынша қабылдайтын болады.

"Естеріңізге сала кетейік, ХҚКО жұмыс күндері сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейді. Кезекші ХҚКО-лар – жұмыс күндері 20:00-ге дейін, сенбі күні 13:00-ге дейін қызмет көрсетеді. Кезекші мамандандырылған ХҚКО дүйсенбіден жұмаға дейін 18:00-ге дейін қабылдайды, ал дайын құжаттарды беру 20:00-ге дейін, сенбі – 13:00-ге дейін жүзеге асырылады", – делінген "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының хабарламасында.

Кезекші ХҚКО-лардың өзекті мекенжайлар тізімі Instagram-дағы ресми парақшада қолжетімді.

gov4c.kz