Қарағандыда облыстық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

Қарағандыда облыстық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

Қарағандыда 14 желтоқсанда облыстық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді. Сауданың басталуы сағат 09:00-де.

Сатып алушыларға ауыл шаруашылығы, ет-сүт өнімдері мен облыс өндірушілерінің тауарлары орташа нарықтық бағадан төмен бағамен ұсынылады.

Өтетін орны: "Global city" СОО (134-ші есептік тоқсан, 921-құрылыс).

Жәрмеңкеге келесі автобустармен және маршруттық таксилермен жетуге болады: № 5, 19, 31, 40, 56, 63, 70, 146, 02, 29.