Ресей ЖОО-ның қазақстандық студенттері 1 қыркүйектен бастап оқуын қашықтықтан бастай алады

Ресей ЖОО-ның қазақстандық студенттері 1 қыркүйектен бастап оқуын қашықтықтан бастай алады

Ресей ЖОО-да білім алушылар қазақстандық студенттер 1 қыркүйектен бастап қашықтықтан оқуын бастайтынын РФ-дағы Қазақстан елшілігінің сайты мәлімдеді.

«Қолдағы бар ақпарат бойынша, 1 қыркүйектен бастап РФ барлық ЖОО оқу жылын күндізгі оқыту форматында бастайды. Алайда, РФ-на эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануына дейін ҚР-ның студенттерінің келуі уақытша тоқтатылуына байланысты ресей оқу орындары оқу процесін қашықтықтан ұйымдастыруға дайын», - делінген, елшілік хабарламасында.

Студенттер ЖОО-ның ресми сайттарын өз бетімен қадағалай алады және өз факультеттерінің тәлімгерімен байланыста болады.

Барлық алдағы өзгерістер туралы ақпарат РФ-дағы Қазақстан елшілігінің https://www.kazembassy.ru/kaz сайтында және оның әлеуметтік желілердегі аккаунтында жедел орналастырылатын болады.