
Балқашта жылу өтетін жолға арналған тіректер дайындай бастады. Кәсіпорын сырғанақ, жылжымайтын, бетон тіректер шығарады.
Өндіріс бір ай бұрын - «Қоңырат» шағын ауданында жылу өткізетін жол төсеу жобасы бойынша іске қосылды. Кәсіпорында шамамен 40 адам жұмыс істейді. Тағы 60-ы монтаждауға тартылған.
Тіректер дайындау үшін арматура мен табақ металл қолданылады. Ұйымның бетон тіректерді құюға арналған ерітінді жасайтын өзінің бетон зауыты бар. Өндіріс үшін Қарағандыда сатылатын қазақстандық материалдарды ғана қолданады.
Арнайы білдек - гильотинде - сырғанақ тіректер үшін детальдер кесіледі. Одан кейін дайын тіректер одан әрі бояу үшін тазартылады, тегістеледі.
Толық кепкеннен кейін екі түске: қызыл - су беруге арналған және көк - қайтарымды құбыр боялады.
Күніне мамандар 30 бетон тірегін дайындайды. Сырғанақ тіректер өндірісінің айлық нормасы - 1000 данадан артық. Құрылымдардың кепілдемелік қызмет мерзімі - шамамен 60 жыл.
- Жылу өтетін жол бетонда тұруы керек. Жылу басталған кезде жылулық ұлғаю жүреді, және құбыр өзі қозғала бастайды. Сынып қалмауы үшін сырғанақ тіректер талап етіледі, - деп түсіндірді, «Балхаш трубомонтаж» ЖШС директоры Арам Хачатрян.