Қарағанды облысының шығармашыл жастарын Аманжолов оқуларына шақырады

Қарағанды облысының шығармашыл жастарын Аманжолов оқуларына шақырады

Қарағанды облысының шығармашыл жастарын Аманжолов оқуларына қатысуға шақырады. Оларды Мәдениет, мұрағаттар және құжаттамалар басқармасының қолдауымен Н.В. Гоголь атындағы әмбебап ғылыми кітапхана өткізеді. «Сен неткен бақытты едің, келер ұрпақ...» атты X-республикалық Қасым Аманжолов оқулары 2020 жылдың 21 қазанында ZOOM платформасында онлайн-форматта өтеді. Байқауға 16 жастан 25 жасқа дейінгі жас адамдар қатыса алады.

Осы жылы Қасым Аманжолов туындыларын жатқа оқитын болады. Әрбір үміткер автордың кемінде 25 өлеңін жатқа білуі тиіс. Поэтикалық мереке қатысушысына жатқа білетін туындылар тізімі мен мәтінін kraeved_2014@mail.ru поштасына жіберу керек. Тізім басқа тілге (орыс, татар, әзірбайжан, қырғыз, түрік, неміс, өзбек және басқа) аударылған ақынның екі өлеңінен тұруы тиіс. Байқауға қатысушыАманжоловпен қазақ тіліне аударылған кемінде екі ақындық мәтінді білуі тиіс (А. Пушкин, М. Лермонтов, Н. Некрасов, Т. Шевченко, В. Маяковский және басқалары.

Поэтикалық шығармаларды оқу уақыты 5-6 минуттан аспауы тиіс.

Әділқазы жатқа оқылған өлеңдер саны мен сапасын, мәнерлеп оқу техникасын, сахналық мәдениеті мен актерлік шеберлікті бағалайды.

Әділқазылар құрамына танымал ақындар, жазушылар, ғалымдар мен мұғалімдер кіреді.

Өтініштер 2020 жылдың 10 қазанына дейін қабылданады. Жеңімпаздар 21 қазанда сағат 16:00-де ZOOM платформасында жарияланады.

Байқаудың жүлде қоры:

Бас бәйге  (біреу) - 250 000 теңге;

I – орын (біреу) - 150 000 теңге;

II – орын (біреу) - 100 000 теңге;

III – орын (екі) - 75 000 теңге;

ынталандыру сыйлығы (екеу) - 30 000 теңгеден.

Байқауға қатысу өтінішінде үміткер http://www.karlib.kz/index.php/ru/home/3704-x-respublikanskie-kasym-amanzholovskie-chteniya орналасқан кестені толтырып,  Т.А.Ә, жұмыс немесе оқу орнын, тобын, сыныбын көрсетіп, жеке куәлік көшірмесімен барлық мәліметті kraeved_2014@mail.ru поштасына жіберуі керек.

Қосымша сұрақтар үшін байланыс нөмірлері: (8-7212) 56-76-55, 56-74-64; 8-701-776-38-19, 8-700-776-38-19, 8-702-637-72-56, 8-747-332-67-26 (қазақ тілінде); 8-700-485-28-74, 8-771-195-60-65 (орыс тілінде).