
Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Серік Шайдаров Осакаровка ауданына жұмыс сапарымен болды, «Ауыл – Ел бесігі» арнайы жобаның орындалу барысымен танысты. Оның шеңберінде Осакаровка ауданында алты жоба іске асырылуда.
Трудовое ауылында №15 орта мектеп күрделі жөндеуде. Жұмыстар 10 маусымда басталды. Шатыры мен жылу жөнделді, шыны пакеттері орнатылды, электр сымдары және т.б. ауыстырылды.
Есіл ауылында су өткізу желілерін қайта құрылымдау жүріп жатыр. Онда шамамен бір жарым мың адам тұрады. Тұрғындар судан қиындықтар көріп отыр, оның сапасына шағымданды. Жөндеуден кейін олар тоқтаусыз және сапалы сумен жабдықтау жүйесін алады.
Келесі аралаған нысан Осакаровкада орналасқан мектеп оқушыларының қосымша білім беру орталығы болды. Мұнда жұмыстар 50%-ға аяқталған.
Аудан орталығында жол жөндеуі жүріп жатыр. Осакаровкада «Ауыл – Ел бесігі» арнайы жобасы бойынша кенттің 54 көшелерінде жалпы ұзындығы 27,8 км жол жөнделді. Аудандағы жөндеу жұмыстарының мұндай көлемі тапсырыс беруші тарапынан қатаң бақылауды, мердігер тарапынан орындалған жұмыс сапасын талап етеді.
- Ауылдың әлеуметтік инфрақұрылымдарын жаңғырту бойынша міндетін Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» жолдауында қойған, - деп атап өтті, Серік Шайдаров. – Бұл үшін үкімет «Ауыл – Ел бесігі» арнайы жобасын әзірледі. Облыстарда өсу және тұрақты даму нүктесі болуы тиіс келешекті ауылдарды анықтады. Оларды жаңғырту өңірлік стандарттар бойынша өткізіледі.
Облыс әкімінің орынбасары «Ауыл – Ел бесігі» арнайы жобасына кіретін барлық нысандарды тексерді, мердігерлердің есептерін тыңдады. Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша бірқатар тапсырмалар берді.