Қарағанды облысының хореографиялық ансамблі Түркияда өтетін халықаралық байқауға жолдама алды

Қарағанды облысының хореографиялық ансамблі Түркияда өтетін халықаралық байқауға жолдама алды

Астанада Flash Star халықаралық көп жанрлы байқауының республикалық кезеңі аяқталды. Нұра ауданының "Шұғыла" ансамблі Гран-при жеңіп алды.

Байқауға Қарағанды облысы, Астана, Алматы және Қызылорда қалаларынан 15 ұжым қатысты.

– Әрине, бәсекелестік жоғары болды. Біздің балалар ұлттық би билеп, өнер көрсетті. Қазылар алқасының шешімімен "Бабалар мұрасы" биін орындаған аға топ (13–16 жас) Гран-при алды. Бұл бізге Түркияда өтетін байқаудың халықаралық кезеңіне қатысуға құқық береді, – деді Нұра ауданы мәдениет үйінің хореографы Нұрқұлан Хасымхан.

Сондай-ақ, "Шұғыла" ансамблі "Драйв" заманауи биі үшін екінші орынды иеленді. Ұжымның кіші тобы "Құрбылар" ұлттық биімен үшінші орынға ие болды.