
Нұра аудандық мәдениет үйінде "Төртеу түгел болса…" деген атаумен Шоң Телғозұлының 200 жылдығына, Қайып Айнабековтің 140 жылдығына, Сәкен Сейфуллиннің 130 жылдығына және Бүркіт Ысқақовтың 100 жылдығына арналған салтанатты іс-шарасы өтті.

Бұл даталарға орай айтыс ұйымдастырылды, ақындары Дидар Камиев, Төлеген Әділов, Мақсат Аханов және Айтбай Жұмағұлов қатысты. Олар ұлы тарихи тұлғаларды ғана емес, туған өлкенің сұлулығын да шырқады.

Сондай-ақ, концертте Мақсат Аханов пен Дидар Камиев дуетпен өнер көрсетті. Бұған дейін орындаушылар "Алтын домбыра – 2023" байқауында екінші орын алған болатын.

Іс-шара соңында аудан әкімі Бақытжан Мұқанов және аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Зарық Мақсұтұлы айтыскерлерге алғыс айтып, олардың әрқайсысына ақшалай сертификаттар табыс етті.