
Қазақстанда кәсіпкерлер үшін TikTok-та #ҚазақстандаЖасалған байқауына өтінімдер қабылдау басталды. Қатысушылар 16 жастан асқан, Қазақстанда тұруы және TikTok-та парақшасы ашық болуы тиіс. Байқауға қатысушыларға өз бизнесі, оның міндеттері мен мақсаттары туралы қысқа бейнеролик форматында (30 секундтан 2 минутқа дейін) баяндау ұсынылады.
Жеңімпаздар төрт номинация бойынша таңдалады:
- "Әлеуметтік бизнес" – мүмкіндігі шектеулі жандарды немесе халықтың басқа да осал топтарын қолдау сияқты әлеуметтік мәселелерді шешуге қосқан үлесі;
- "Жасыл кәсіпкерлік" – қоршаған ортаны қорғауға бағытталған және экологиялық таза технологияларды қолданатын бизнес-бастамалар;
– "Жастар бизнесі" – ойынды өзгертуге қабілетті жас кәсіпкерлер мен стартаптар үшін;
- "Бір ауыл – бір өнім" – дәстүрлер мен аймақтық ерекшеліктерді көрсететін бірегей өнімдер мен қызметтерді қолдау.
Конкурсқа қатысу үшін:
- номинацияны таңдаңыз;
- таңдалған номинацияда #ҚазақстандаЖасалған хэштегімен бейнеролик түсіріп, оны жариялаңыз;
- #ҚазақстандаЖасалған хештег сипаттамасындағы сілтеме бойынша конкурс парақшасына кіріп, арнайы форма арқылы конкурсқа қатысуға бейне жіберіңіз.
Өтінімдер 29 желтоқсанға дейін қабылданады.
Жеңімпаздар 2025 жылдың қаңтарында жарияланады. Оларды бағалы сыйлықтар күтеді – төрт iPhone 16 Plus смартфоны.
Конкурс "Атамекен" Ұлттық Кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп іске асырылады және қазақстандық бизнесті ел ішінде де, одан тыс жерлерде де қолдауға және насихаттауға бағытталған.