
Аталған шешім әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасын тұрақтандыру мақсатында қабылданды. Қарыз алушылар кәсіпкерлік субъектілеріне қойылатын талаптарға сәйкес белгіленеді.
Олар мынадай талаптар:
1) қойма ғимараттары мен арнайы жабдықтары бар басқа үй-жайлардан тұратын, азық-түлік өнімдерін тиісті түрде сақтауға және сауда-логистикалық инфрақұрылымға иелік ететін немесе жалдайтын кәсіпкерлік субъектісі;
2) өтінішті қарау кезінде кәсіпкерлік субъектісі банкроттықта болмауы керек;
3) өтінішті қарау кезінде кәсіпкерлік субъектісі өнім берушілердің жосықсыз ұйымдарының тізімінде болмауы керек.
Комиссия қарыз беру туралы мәселені қарау үшін кәсіпкерлік субъектісі мынадай ақпараттарды ұсынуы тиіс:
1) қарыз сомасы, сонымен қатар шығын бойынша қажетті есеп көрсетілген өтінім, азық-түлік тауарларының, қарызды қайтару мерзімі көрсетілген ұсынылатын тізбесі;
2) кредиторлық және дебиторлық берешекті, негізгі құралдардың тізбесін ашып көрсету арқылы өткен қаржы жылының қаржылық есебі;
3) нотариалды куәландырылған көшірмелер; кәсіпкерлік субъектісінің Жарғысы, бірінші басшыны (заңды тұлғалар үшін) тағайындау (сайлау) туралы
4) мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама;
5) бірінші басшыны қоспағанда, мүдделерді білдіретін тұлғаға (тұлғаларға) өтінімге қол қою құқығына сенімхат;
6) Несие және несие тарихы туралы ақпарат
7) салық және бюджетке міндетті төлемдер, жалақы бойынша берешек және әлеуметтік аударымдар бойынша берешектің болмауы туралы мәліметтер.
Толығырақ ақпаратты мына мекен-жай мен телефондар арқылы алуға болады. «Сарыарқа» ӘКК» АҚ, Қарағанды қ, Әлиханов к., 4-үй, тел.: 980-346.