Қазақстандық режиссер Жаннат Алшанова Швейцариядағы халықаралық кинофестивальде марапатқа ие болды

Қазақстандық режиссер Жаннат Алшанова Швейцариядағы халықаралық кинофестивальде марапатқа ие болды

Локарно қаласында өткен Халықаралық кинофестивальде қазақстандық «Өркениет тарихы» фильмі «Күміс қабылан» сыйлығына ие болды. Картинаның режиссері Жаннат Алшанова.

14 тамызда Халықаралық кинофестивальдің нәтижесі жарияланды. Тамыз айынан бастап Швейцария билігі кинотеатрларды ашуға рұқсат бергеніне қарамастан, марапаттау рәсімі онлайн форматта өтті.

Жаннат Алшанованың «Өркениет тарихы» фильмі былтыр жазда Алматыда түсірілген. Басты рөлдерді композитор Ақмарал Зықаева, ол сонымен қатар фильмге музыка жазған және суретші Айдар Әлімбаев сомдаған. 

Қоюшы-операторы португалиялық Леандро Ферран.

Мәлімет үшін: режиссер Локарно фестиваліне үшінші рет қатысып отыр. 2018 жылы экранға «Біз ризамыз» (Оңтүстік Африка өндірісі) толықметражды фильмі шықты, онда Жаннат бірлескен продюсерлердің бірі болған. Картина фестивальдің негізгі конкурстық бағдарламасына іріктелген.

Жаннат 2019 жылы Локарнодағы Бела Таррдың режиссерлік шеберханасына өтіп «Паола тілек тілейді» фильмін түсірген. Әлемдік премьера Локарно қаласында көрсетілді, ал 2020 жылдың қаңтарында фильм «Сандэнс» фестиваліне қатысқан.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз ақпараты бойынша