Қарағанды облысында «Бала қауіпсіздігі» акциясы өтеді

Қарағанды облысында «Бала қауіпсіздігі» акциясы өтеді

Қарағанды облысында 17-19 тамыз аралығында кең ауқымды «Бала қауіпсіздігі» акциясы өтеді. Ювеналді полиция инспекторлары мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп есепте тұрған қолайсыз отбасыларды тұрғылықты жері бойынша тексереді.

Атап айтқанда, Қарағанды қаласының Октябрь ауданында мұндай отбасылар 100-ден астам және олардың балалары 60-тан асады. Әрбір есептегілермен алдын алу сипатындағы әңгімелесулер өткізіледі.

Октябрь ауданының аулаларында «Балаңыздың қауіпсіздігі сіздің қолыңызда» жаднамасын таратылады. Тұрғындармен баланы ашық терезеде қараусыз қалдыру қауіптілігі,  балаларға бейтаныс  адамдармен сөйлесуге, олардан сыйлық алуға, оларды үйдің кіреберісіне, пәтерге кіргізуге болмайтыны туралы айту керектігі жөнінде сұхбаттар өткізеді. Ата-аналарды баланың әлеуметтік желілерде хат алысуын бақылау қажеттілігі туралы ескертеді.

Түнгі уақытта мобильді топтар Майқұдық көшелерін күзетеді. Олар кеш уақытта ересектердің ілесуінсіз үйде болмайтын кәмелет жасына толмағандарды анықтайды.

Қарағанды қаласының Октябрь ауданында жыл басынан мұндай 200-ден астам жағдайларды анықтады. Ата-аналарға қатысты әрбір факт бойынша әкімшілік істер қозғалған. Кейде сот қаулысымен шығарылған ескертулер жеткілікті болады, алайда әкімшілік заңнаманы қайта бұзатын ата-аналар да, балалар да болады. Мұндай бес мыңнан астам бойкүйез аналар мен әкелерге сотпен әрқайсына 10 мың теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұлдар салынған.

Мұндай акциялар мақсаты – кәмелет жасына толмағандарға қатысты қылмыстық құқық бұзушылықтарға, оның ішінде жыныстық қол сұғушылыққа қатысты қылмыстарға, жазатайым жағдайларға, балалардың өз еркімен үйден кетуі сияқты әрекеттерге жол бермеу және алдын алу.

Рolisia.kz ақпараты бойынша