Қарағанды облысы 2020 жылы ЖӨӨ-нің оң динамикасын сақтайды

Қарағанды облысы 2020 жылы ЖӨӨ-нің оң динамикасын сақтайды

Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек карантин жағдайына қарамастан, экономикалық өсу беталысын сақтайтынына сенімді. Ол тікелей эфирде өткен брифингте оң болжамын жасады.  

- Бірінші жартыжылдықта ЖӨӨ бойынша дәл статистикалық мәліметтерді қазан айында білетін боламыз. Қазір бірінші тоқсандағы мәліметтер бар – өсу 104%-ды құрайды. Қазір 6 айда өткен жылмен салыстырғанда оң динамика болады деп айтуға болады, - деді, өңір басшысы, журналисттердің сұрақтарына жауап бере отырып.

Жеңіс Қасымбек осындай негізде тұжырым жасалған көрсеткіштерді келтірді. 7 айда облыстың өнеркәсіп көлемі өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 3,4%-ға ұлғайды.

Инвестиция көлемі бойынша Қарағанды облысы елдің үздік өңірлерінің төрттігіне кіреді, деп атап өтті өңір басшысы.

- Инвестициялар бойынша өткен жыл облыс үшін бірегей болды. Өсу шамамен 170%-ды құрайды. Жаңа республикалық жоба – «Сарыарқа» газ құбырын салу үлкен рөл ойнады. 2020 жылы осы ірі жоба жоқ, алайда біз іс жүзінде өткен жыл деңгейінде қарқынды сақтап келеміз. Оның бәрі ненің арқасында? Бірінші кезекте, бұл өткен жылға қатысты ұлғайтылған өнеркәсіптегі инвестициялар. ШОБ саласындағы инвестициялар өсті. Жол инфрақұрылымындағы инвестициялар едәуір ұлғайды, - деп түсіндірді Жеңіс Қасымбек.

Тұрғын үй құрылысында жыл қорытындылары бойынша өсу 40%-ға болжамданады.

Өңір басшысы коронавирус жұқпалы ауруының пандемиясы әсер еткен салаларды да атап шықты. Бұл нәтижелері өткен жылмен салыстырғанда төмендеген сауда және көлік.

- Жалпы біз өнеркәсіпте, ауыл шаруашылығында, құрылыста инвестициялар бойынша оң динамиканы көріп отырмыз. Бұл ЖӨӨ бойынша оң болжам жасауға мүмкіндік береді, - деп қорытындылады Жеңіс Қасымбек.