Жеңіс Қасымбек Қарағандыдағы аулаларды жөндеу қарқынын қатты сынады

Жеңіс Қасымбек Қарағандыдағы аулаларды жөндеу қарқынын қатты сынады

Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек аппарат отырысының барысында Қарағандыдағы аулаларды жөндеу қарқынын қатты сынады. Ол жұмыстарды өткізу мерзімдері бекер ұзаққа созылып жатыр деп санайды.

Осы жылы Қарағанды облысында үй жанындағы аумақтарды жөндеу және абаттандыру бойынша масштабты кампания жүріп жатыр.  Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы шеңберінде бюджет есебінен 421 аула, 46 орамішілік өтпе жолдар ретке келтіру жоспарлануда, 119 тротуарға асфальт төселеді және 269 балалар және спорт алаңдары орнатылады.

Мамыр және маусым айларында жұмыс барысын өңір басшысы жеке тексеріп отырды.

 - Тұрғындардан сапасыз жөндеу бойынша өте көп шағымдар түседі. Кей жерлерде мердігерлер абаттандыруды бастап, алайда оны аяқтамай, басқа нысандарға көшкен. Олай болмауы тиіс. Мен жуыр арада барған аулаларға қайта барып, жұмыстың қалай өтіп жатқанын тексеремін. Бірінші кезекте біз мұны адамдардың қолайлылығы мен жайлылығы үшін жасаймыз, сондықтан жұмыс сапасы жоғары болуы тиіс, - деді Жеңіс Қасымбек.

Еске сала кетсек, аулаларды жөндеу бойынша кампания 2018 жылы басталған. Үш жыл ішінде 300-ден астам ауланы жөндеу жоспарланған.