Балқаштың мектеп оқушылары үйсіз жануарларға төрт күндік азық қорын жинады

Балқаштың мектеп оқушылары үйсіз жануарларға төрт күндік азық қорын жинады

Балқаш Білім басқармасы қаланың барлық мектептері қатысқан қайырымдылық акциясын ұйымдастырды. Балалар бірнеше күн бойы «ЧиП»  баспанасын мекендеуші төртаяқтылар үшін гастрономиялық сыйлықтар дайындады.

Үйсіз жануарларға арналған оңалту орталығының жалғыз қаражаттандыру көзі – бей-жай емес балқаштықтардың ақшасы. Айына баспананың шотына шамамен 100 мың  теңге түседі. Бұл ақша екі қызметкердің жалақысына, жануарлар тамағына, зарарсыздандыруға және емдеуге кетеді.

Баспанада қазір 82 қамқорлықтағы жануарлар бар. Кейде олардың саны 100 дейін барады. Оңалту орталығы тұрғындарының бірі – Волчок. Итке мұндай өзгеше атты үнемі айналып жүретіндіктен берген. Үйсіз жануарлар баспанасына Волчок күшік болғанда түскен болатын. Оны «асырап та алды», алайда шамамен 1,5 жылдан кейін қайтып келді. Кейде ондай жағдайда болады.…

- Алдымен иттің жүйке жүйесі бұзылған деп ойладық. Республикалық жануарларды қорғау тобына жүгіндік. Ассоциация төрағасы итті үйретіп көруді ұсынды, - деп айтты, «ЧиП» ҚБ басшысы Анастасия Септ.

Күшік Дашаны баспана аумағына жуырда ғана – екі апта бұрын тастап кетті. Ит мүлдем ештеңе жемейді және ішпейді. Адамдардан қорқады. Еріктілердің айтуынша, онда күйзеліс – отбасы мен тұрған үйін сағынады.

- Қожайындары қорапты баспананың алдына қойып, еріктілерге: «Бұл Даша» деп кетіп қалған... – деп бөлісті Анастасия Септ.  

Баспанада жануарларға орын жеткіліксіз. Тамақ жетіспейді. Алайда балқаштықтар жануарларды қолдаусыз қалдырмады. Күн сайын біреуі көмекке келіп отырады.

- Мен кішкентай ұл бала Ваня туралы бұрыннан айтқым кеп жүрген. Түріне қарасаң бес –алтыда дерсің, - дейді «ЧиП» басшысы. Анасы жинақ сандықшаға ақша береді екен. Ай сайын ол 500-1000 теңге жинап, оларды иттерге арналған баспанаға әкеліп береді.

Балқаштың мектеп оқушылары да жануарлардың қайғысына бей-жай болмады. Қайырымдылық акциясы уақытында олар макарон, жем және ит азығын жинады. Азық-түлік қоры 4 күнге жетеді. 

- Біз осылайша қала тұрғындарына иттер мен мысықтар назар мен қамқорлыққа лайық деп көрсеткіміз келді. Қаланың бей-жай емес тұрғындарының арқасында біз жануарларға азық пен барлық қажеттілерді жинап, баспанаға әкеліп бердік, - дейді ерікті Алетта Байгусинова.

Жануарларға көмектесуге ниетті балқаштықтар үшін «Вавилон» фитнес-орталығында, «Батыр Джим» спорт кешенінде, «Санжар» дүкенінде, базардағы «Рахат» бутигінде және «Эдем» дүкенінде қайырымдылық бокстары орнатылған.