
Қарағанды облысының Дене шынықтыру және спорт басқармасы кеудені жерден көтеру және тартылу бойынша онлайн-турнирдің басталуы туралы хабарлады. Өңірде Спорт күнін осылай өзгеше түрде атап өтеді.
Турнир бүгін, 14-тамызда басталды және 17-сіне дейін ұзартылады. Оған облысымыздың барлық елді мекендерінің 12 жастағы және одан асқан жоғары жастағы тұрғындары қатыса алады.
Бұл үшін еркектер тартылуды, әйелдер – кеудені жерден көтеруді түсіріп алған видео жіберу керек.
14-тамызда барлық жастағы еркектерден 3 минут бойы кермеде тартылған видеороликтері қабылданады.
15 тамызда комиссия 16 жастан 49 жасқа дейінгі еркектердің 4 минут бойы тартылумен видеосы қаралады.
16 тамызда әйелдердің кезегі басталады. Осы күні 3 минут ұзақтықта кеудені жерден көтерумен жазбаларды жіберуге болады.
17 тамызда 16 жастан 49 жасқа дейін әйелдер қауымынан 4 минут бойы кеудені жерден көтерумен видео қабылданады.
Видеороликтерді veronika.ermolaeva.67@mail.ru электронды мекенжайына жіберу керек.
Қосымша ақпарат үшін 50-76-56 және 8-701-234-68-35 телефондары бойынша хабарласуға болады.