Қарағандыда жүгіру бойынша онлайн-турнир жеңімпаздары марапатталды

Қарағандыда жүгіру бойынша онлайн-турнир жеңімпаздары марапатталды

Қарағандыда жүгіру бойынша онлайн-турнир жеңімпаздары марапатталды. Қатысушылар өз нәтижелерін STRAVA қосымшасында тіркеді және Дене шынықтыру және спорт басқармасына бағыттады.

Өзгеше турнир 7-10 тамыз аралығында өтті. Оған облыстың кез келген елді мекендерінен түрлі жастағы адамдар қатыса алды.

Турнирдің ең жас қатысушысы қарағандылық 9 жасар Леонид Краснов болды. Оған «Жеңіске деген жігері үшін» сыйлығы берілді.

- Барлығы Омскте анам мені марафонға жазып алғанынан басталды, мен онда алғаш 3 км жүгірген едім. Одан кейін Қарағандыда өткен 7 км марафонды жүгіріп өттім. Одан кейін де көптеген марафондарға қатыстым. Спортпен айналысу үшін алдымен көру керек, бұл сізге ұнайды, - деді марафоншы.

Турнир қорытындылары бойынша ересектер арасында бірінші орынды қарағандылық Павел Овцынов алды. Ол 5 км жүгіріп өтті. Қыздар арасында 4 км қашықтықта қарағандылық Виктория Сенькина бәрінен озып келді.

Жасөспірімдер 3 км жүгірді. Қарағандылық Дәулет Берікбол үздік нәтиже көрсетті. 2 км қашықтықта қыздар арасында жеңімпаз Теміртау тұрғыны Ольга Панина болды.

2005 жылы туған және одан кіші жас санатында абайлық Азамат Аденов, қыздар арасында бас марапатты теміртаулық Анастасия Цвиркунова алды.

Дене шынықтыру және спорт басқармасында хабарлағандай, бұл онлайн-турнир соңғы емес. Өңірде азаматтардың спортқа және салауатты өмір салтына қызығушылықтарын одан әрі қолдайтын болады.