1 200 оттегі концентраторлары Қарағанды облысының ауруханаларына түседі

1 200 оттегі концентраторлары Қарағанды облысының ауруханаларына түседі

Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасы мен «Қазақмыс» корпорациясы арасында жасалған коронавируспен күрес бойынша бірлескен іс-шаралар туралы меморандум шеңберінде Қарағандыға оттегі концентраторлары жеткізілді. Бұл аппараттар Қарағанды облысының 35 емдеу мекемелерінің арасында бөлінетін болады. 

Бірінші концентраторлар компания орналасқан – Балқаш, Жезқазған және Сәтпаев қалаларының медицина мекемелеріне жеткізілді. «Қазақмыс» корпорациясымен өкпе жеткіліксіздігін және онымен байланысты ауруларды емдеуге арналған 1 200 аппарат облыс ауруханаларына жеткізілді.

Еске сала кетсек, алдында корпорация аталған қалалар үшін он ӨЖЖ аппаратын, үш виброакустикалық аппарат сатып алып берген болатын, үш компьютерлік томографтың жеткізілуі күтілуде.

kazakhmys.kz