
Балқаштықтар жағалаудан 230 қап қоқыс жинады. Үш сағаттың ішінде еріктілер 7 гектар жағалау маңындағы ауданды жинап шықты. Жинаудың бастамашысы Балқаш қаласының тұрғыны Анар Адамбекова болды.
- Көлдің жағасында демалып жатқанда мен күнде осы көріністі көремін: адамдар тамақ ішеді, темекі тартады, қауын-қарбыз жейді, соның барлығының қалдығын қалдырып кетеді. Әрине мен ескертулерде жасаған болатынмын. Әкімшілік полиция бұзақыларға қатысты шаралар да қолданып жатты. Содан кейін мен, балалар және менің құрбыларым жағалау маңын тазалауды жөн көрдік, - дейді Анар Адамбекова.
Бұрыңғы эколог 69 жастағы Жұматай Бәжікеев тазалаушылар бригадасының құрамына ол да шықты. Зейнеткердің күнделікті таңы өлең шығарумен және спортпен шұғылданумен өтетін. Бірақ сол бір таңын жағалау маңын тазалауға арнады.
- Өз кезінде мен эколог болып жұмыс атқардым. Табиғатты қорғайтынмын, атап айтқанда ауаның ластануынан қорғау. Таза ауа, таза жер, таза суды сақтауға, жұрт қамы үшін жұмыс істейтінбіз. Жерлестеріме не айтсам екен. Құрметті жерлестер, бұдан әрі де тазалықты сақтайық, табиғатты аялайық, сонда бізде бәрі жақсы болады! - деді қала тұрғындарына Жұматай Бәжікеев.
Жағалауды тазалауға студенттер, оқушылар, кәсіпкерлер мен қаланың өміріне бейжай қарай алмайтын тұрғындар келді. Ең кіші еңбекқор - 5 жаста, үлкені - 69.
Балқаш қ. ТКШ бөлімі де бастаманы қолдады. Тазаланып жатқан жерден қоқыстарды шығару үшін екі жүк көлігі кезекшілік атқарды. 3 сағаттың ішінде 230 қап қоқыс шығарылды.