Қарағанды облысы мектеп оқушыларының Білім күні онлайн-форматта өтеді

Қарағанды облысы мектеп оқушыларының Білім күні онлайн-форматта өтеді

COVID-19 пандемиясына байланысты осы жылы Білім күні – 1 қыркүйекте дәстүрлі жиын болмайды. Ол онлайн-форматта өтеді. Бірыңғай сынып сағаты да қашықтықтан өтеді. Бұл туралы Saryarqa телеарнасының тікелей эфиріндегі брифрингте Қарағанды облысы Білім басқармасының басшысы Гүлсім Қожахметова мәлімдеді.

Осы жылы облыста бірінші сыныпқа 24 мың бала барада. Бірінші сынып оқушыларының ұстаздарымен кездесуі 1 қыркүйекте онлайн режимде өтеді. 

Қазір мектептерге оқулықтар жеткізілуде. Қыркүйек басында оқу құралдары толық көлемде жеткізіледі.

 - Ата-аналарға оқулықтарды сатып алу қажет емес. Сонымен бірге, оқу құралдарына жұмыс дәптерлерінде сатып алу талап етілмейді. Бірінші сыныпқа арналған дәптерлер бюджет есебінен сатып алынды. Қалған сыныптар жұмыс дәптерінсіз айналысатын болады, барлық жұмыс қарапайым дәптерде орындалады, - деді Гүлсім Қожахметова.

Осы оқу жылы қашықтықтан оқыту түрінде басталатыны барлығымызға мәлім. Кезекші сыныптарға бастауыш сынып оқушылары және ауылдық шағын жинақталған мектепке баратындар келеді.

Кезекші сыныптарда адам саны 15 аспауы тиіс. Ауысымдар кестесі түрлі сынып оқушылары мектеп дәліздерінде кездеспейтіндей жасалады. Сабақтар уақыты қысқартылады. Кезекші сыныптардың жұмыс уақытында ыстық тамақтану болмайды.

Барлық санитариялық талаптарды сақтау үшін мектептер санитайзерлерді, дезинфекциялаушы заттарды, аяқ киімді өңдеуге арналған кілемшелер мен өзге де шығын материалдарын сатып алды.

Облысты барлығы 5 мыңнан астам кезекші сыныптар жұмыс істейтін болады.

Орта және жоғары буын оқушылары оқу жылын онлайн режимде бастайды.

15-тамыздан бастап аз қамтылған отбасыларға метеп компьютерлерін беру ресімі іске қосылады. Қазір өңірдің оқу орындары қажетті техниканы белсенді сатып алуда. Мектеп сабақтары басталуына өңірдің компьютер паркі 47,5 мың техника бірлігін есептеді.

Сонымен бірге шалғай аудандардағы ғаламтор байланысын жақсарту бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Өңір мектептері 20 тамызда білім беру платформаларын тест режимінде қосады. Бұл оқу үдерісінің басталуына дейін ықтимал кемшіліктерді анықтап, жоюға мүмкіндік береді.

«Ел Арна» және «Әл-Фараби» телеарналарында видеосабақтар көрсетілетін болады.

Колледж студенттері де оқу жылын электронды форматта бастайды. Партада әрқайсысы 200 аспайтын адам оқытатын ауыл колледждерінің студенттері отырады.

Техникалық мамандықтарды меңгеріп жатқандар колледж және кәсіпорын зертханаларында 15 адамнан аспайтын топтарда тәжірибеден өтіп, зертхана жұмыстарын тапсырады. Гуманитарий студенттері мен экономисттер онлайн режимде оқиды.