17 тамыздан бастап халықаралық ұшулар кезеңмен қайта жалғастырылады

17 тамыздан бастап халықаралық ұшулар кезеңмен қайта жалғастырылады

17 тамыздан бастап Біріккен Араб Эмираттарына, Беларусь Республикасына, Германияға, Нидерланды, Египет, Украина елдеріне және Ресей Федерациясына халықаралық ұшулар кезеңмен қайта жалғастырылады.

Аталмыш елдер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес (термометрия, әлеуметтік қашықтандыру, бетперде режимі, ПТР тестілеу және т. б.) Қазақстанмен ұшуды қалпына келтіруді қолдайды.

Сонымен бірге, Ресейге ұшу үшін Ресей тарапынан рұқсат талап етілетінін атап өткен жөн.

Рейстер мен билеттерді сату әуекомпаниялардың сайттарында жарияланған кестеге сәйкес азаматтардың жоғарыда аталған елдермен мемлекеттік шекаралар арқылы өтуіне шектеулер алынып және Қазақстан мен тиісті елдер белгілеген санитарлық қауіпсіздік шаралары күшейтілген жағдайда, эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруына қарай жүзеге асырылатын болады.

ҚР ИИҚДМ баспасөз ақпараты бойынша