
С. Қожамқұлов атындағы Жезқазған қазақ музыкалық драма театрының жаңа басшысы тағайындалды. Ол М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры директорының экс-орынбасары Досхан Сәкен.
Театр ұжымына жаңа басшысы Қарағанды облысы Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Ерлан Нельдыбаев таныстырды.
Досхан Сәкен Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясының «Театр актері» және Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университеттің «Құқықтану» мамандығын тәмәмдаған.
Еңбек жолын Алматы қ. Мемлекеттік жастар саясатын дамыту қорында бастаған. Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясында Шығармашылық лабораторияның продюсері, «Алашұлы» этно-тобының PR-директоры болып жұмыс істеген. Жеке меншік отандық киностудиялар мен театрларды басқарған. М. Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театры директорының орынбасары, «Қазақстан зияткерлік меншік құқықтарын басқару қоғамы» Республикалық қоғамдық бірлестіктің атқарушы директоры лауазымында қызмет етті.
Қарағанды облысы Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының ақпараты бойынша