
Дүние жүзі 12 тамызда Халықаралық жастар күнін тойлайды. Қарағанды облыстық бейнелеу өнері мұражайы да осы күнге «Жастар өнері» жаңа айдарының ашылуын орайластырды
Бұл айдар жұмыстары мұражайда топтық және арнайы көрмелерде қойылған Қарағандының жас суретшілері туралы баяндайды.
«Біз кемеліне келген шеберлерімізбен қатар талантты, өршіл, батыл және ештеңеден тайсалмайтын жастарымыздың сенімді келе жатқанына өте қуаныштымыз. Жастар мерекесінің қамқорлығымен біз әлеуметтік желілерде тұрақты жұмыс істейтін «Жастар өнері» жаңа айдарын ашамыз. Мұражай жас және талантты жастарды жақсы көреді, бағалайды және барынша қолдауға тырысады, - дейді мұражайда.
Айдардың бірінші шығарылымы Қарағандының төрт жас суретшілеріне арналған.
Қарағандылық 19 жасар Александр Клоковтың мұражайда ART THROUGH TIME арнайы көрмесі өтті.
«Біз оның біртума жұмыстарын, оның ішінде скетчинг техникасындағы жұмыстарын көріп, экспозицияға алуға шештік! Александр бұрын ересектер және жастар көрмелеріне, сондай-ақ «Шабыт» Халықаралық шығармашыл жастар фестиваліне және «Жаз энергиясы» граффити байқауына қатысқан. Бір таңқаларлығы – оның барлық көркем картиналары мен скетчтері көрме қабырғасында қастерлеушілерімен сатып алынды. Мұндай бізде бұрын болған емес. Тасқа салынған суреттер, скетчинг, граффити, каллиграфия, татуировка – Александр Клоковтың қызығушылықтары шексіз», - дейді мұражай қызметкерлері.
Жас суретші Еркебұлан Молдабековтың екі арнайы көрмесі мұражайда өтті. Бірінші көрмеде абстрактілі панно, танымал боксшылардың акварельді портреттері, сонымен бірге авторлық карикатуралар қойылды.
Екінші көрме негізінен карикатураға арналды. Карикатура жанры күрделі саналады. Еркебұланның жұмыстарында кәсіби шебер іздері байқалады. Өзінің қысқа карикатураларында ол адамгершіліктен саясатқа дейін көкейтесті тақырыптарды толғанады.
Мұражайда атап өткендей, Еркебұланның декоративті абстрактілі панносында энигма (жұмбақ) орнаған, ондағы суреттер құдды жасырылып тұрған тәрізді, және мәнерлі өрнектеріне мұқият қарап, ойлану керек. Мұндай жұмбақ картиналар көрермендерге қатты ұнайды.
«Мұражай үшін жас суретші Елена Кондратьева нағыз жаңалық болды. Оның «Көлеңкелер пішіні» арнайы көрмесі – мәдени оқиға және бірегей шеберліктің, ойға толы қиялдың, алып төзімділік пен зейіннің көрсетілімі. Елена сурет өнерін қадірлеушілердің назарына Қиыр Шығыс елдерінен келген қағаздан үлдір кесудің аса күрделі техникасында орындалған 70 астам жұмысты ұсынды. 20 жасар суретші туындыларының сәнділігі қайран қаларлық», - деп мұражайда атап өтті.
Елена тек мұражаймен ғана емес, сонымен бірге Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің жанындағы Конфуций институтымен де шығармашылық достықты сақтап отыр.
Қарағандылықтар үшін Алексей Шапошевтың жұмыс көрмесі де үлкен сыйлық болды.
Алексей – нағыз графика маэстросы, оның ішінде миниатюралы. Оның сүйікті техникасы – тушьпен, қаламұшпен және шарикті қаламмен сурет салу. Жас суретшінің жұмыстары арасында миниатюралар және үлкен тақырыптық парақтар, карикатуралар мен комикстер бар. Суретші қиялында шек жоқ. Композицияның жеке заттарының еңбекті көп талап ететін және өте шеберлікпен істелген нәзік суреттері оларды қабылдауға сенімділік береді және суретті қайта-қайта қарауға итермелейді. Бұл бір жылдан астам жұмыс істеген «Мүсінші А.П.Билыканың рухына бағышталған» бірегей композициясында айқын көрінетін, суретшінің көрермендерімен «ойындарының» сүйікті тәсілдерінің бірі.
«Қарағанды жерінде жас және талантты суретшілер өте көп, біз тек бірнешеуі туралы баяндадық. Мұражайдың маңызды міндеті жас дарындарды одан әрі дамыту және шығармашылығын насихаттау. Бұл айдар жұмысын тоқтатпайды», - деп мұражайда атап өтті.