Қарағанды облысының Спорт басқармасы допты қақпақылдау бойынша онлайн-чемпионат қорытындысын жасады

Қарағанды облысының Спорт басқармасы допты қақпақылдау бойынша онлайн-чемпионат қорытындысын жасады

Допты қақпақылдау бойынша облыстық онлайн-чемпионат рекорды - 186 соққы. Теміртау қаласынан 11 жасар Ислам Жанболат минутына соншалықты доп ұра алды.

Еске салатын болсақ, Қарағанды облысының Дене шынықтыру және спорт басқармасы «Жастар» мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебі футбол әуесқойлары арасында онлайн-турнир өткізген. Жарысқа барлық ниеттенушілер қатыса алды. Ол үшін допты қақпақылдаудың жеке рекорды көрсетілетін видеоролик түсіру қажет болды.

Қарағанды, Абай, Теміртау қалаларынан, Жанаарқа, Бұқар-Жырау және Осакаровка аудандарынан, Ағадыр кентінен  150-ден астам видеоны онлайн-жарыс қатысушылары турнир ұйымдастырушыларына жіберді.

Үш жас санатындағы турнир қорытындысы бойынша жеңімпаздар:

19 жас және одан жоғары

Олег Комков, Абай қ., 1999 ж. т., 121 соққы;

Адилет Каликенов, Қарағанды қ., 2000 ж.т., 110 соққы;

Владимир Рудич, Абай қ., 2000 ж. т., 50 соққы. 

10-14 жас

Ислам Жанболат, Теміртау қ., 2009 ж. т., 186 соққы;

Санжар Балтабаев, Қарағанды қ., 2007 ж. т., 161 соққы;

Мансур Берикжан, Қарағанды қ., 2007 ж. т., 156 соққы. 

15-18 жас

Нурмухаммед Абдрахман, Қарағанды қ., 2005 ж. т., 157 соққы;

Радик Тазиев, Қарағанды қ., 2002 ж. т., 135 соққы;

Илья Кулешов, Қарағанды қ., 2002 ж. т., 129 соққы. 

Турнирдің үздік нәтижесі теміртаулық 11 жасар Ислам Жанболатта. Бір минутта ол 186 рет допты қаға алды. Айта кетерлігі, оның футболмен айналысып жүргеніне бір жыл ғана болыпты. Жазғы демалыста Ислам белсенді жаттығуда, допты мүлде тастамайды екен.

Қарағанды облысының Дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінің ақпараты бойынша