Теміртау тарихи-өлкетану мұражайында тұрмыстық заттардың пайда болу тарихын баяндайтын жоба іске қосылды

Теміртау тарихи-өлкетану мұражайында тұрмыстық заттардың пайда болу тарихын баяндайтын жоба іске қосылды

Теміртау тарихи-өлкетану мұражайының әлеуметтік желілерінде «Тарихи тәжірибелер» жобасы өтуде. Қысқа видео серияларында бізге үйреншікті заттардың қалай пайда болғаны және жүз жыл бұрын олардың қандай болғаны туралы айтады.

«Тарихи тәжірибелер» жобасы карантин уақытында құрылған. Келушілер экскурсияларға келе алмайтындықтан, мұражай қызметкерлері қызықты фактілермен бөлісетін және мұражай қорының өзгеше экспонаттары туралы айтатын қысқа видеолар түсірді.

Әлеуметтік желілерде косметиканың, аяқ киімнің, самаурынның және шәйнектердің  туындау тарихы туралы видео таралды. Корея ыдыстары мен тағамдарына, сақал мен жылмағай қырыну үлгісіне, түрлі дәуірдегі сәндеп алынған шаш үлгісіне арналған роликтер бар.

Танымдық сюжеттерді Instagram - @Temirtau.muzey и Facebook парақшасында – «Теміртау тарихи-өлкетану мұражайы» сауалы бойынша табуға болады.

Мұнда «Мұражай жәдігерлері», «Ай экспонаты», «Тарихи сәйкессіздіктер» және өзгелері сияқты басқа айдар видеолары орналасқан.