Жас қазақстандықтарды Балалар Еуровидениесі – 2020 байқауына қатысуға шақырады

Жас қазақстандықтарды Балалар Еуровидениесі – 2020 байқауына қатысуға шақырады

Польшаның астанасы Варшавада 2020 жылдың 29 қарашасында Junior Eurovision Song Contest  18-халықаралық ән байқауы өтеді.  Қазақстанда Балалар Еуровидениесі – 2020 байқауына қатысуға өтінімдер қабылдау басталды.

Еуровидение -2020 байқауында 9-дан 14-ке дейін жастағы балалар Қазақстан өкілі бола алады, алайда алдымен ұлттық іріктеуден жеңіске жету керек.

Ұлттық іріктеу төрт кезеңде өтеді. Өтінімдерді қабылдау – 20 тамызға дейін. Одан кейін әділқазы мүшелері онлайн - дауыс беруге қатысатын 30 орындаушыларды анықтайды. 24-нен 31 тамыз бойынша онлайн-дауыс беру өтеді, қорытындысы бойынша ұлттық іріктеудің 12 финалға қатысушысы анықталады. Ал 26 қыркүйекте «Хабар» телеарнасында тікелей трансляциямен финал – гала-концерт өтеді. Жеңімпаз Junior Eurovision Song Contest байқауында Қазақстан атынан шығады.

Ұлттық іріктеуге бір орындаушы сияқты, алты адамнан аспайтын ұжым да қатыса алады.

Ұлттық іріктеу туралы ақпарат www.khabar.kz ресми сайтында орналасады. Қосымша ақпарат үшін promo@khabar.kz мекенжайына, 8-701-152-07-91 телефонына хабарласуға болады.

Осы жылы Қазақстан басқа еуропалық елдермен қатар музыкалық жарыстарға үшінші рет қатысады.

Қазақстанның Балалар Еуровидениесі  байқауына қатысуы еліміздің ірі медиахолдингі – «Хабар» агенттігінің – Еуропалық хабар тарату одағының қауымдастырылған мүшесі болып табылуының арқасында мүмкін болды. Осы жылы Мәдениет және спорт министрлігі осы байқаудың серіктесі болады.

Еске сала кетсек, 2018 жылы Еуровидение байқауына алматылық Данэлия Тулешова «Өзіңе сен» әнімен қатысып, алтыншы орын алған болатын. 2019 жылы оралдық Ержан Максим «Арманыңнан қалма» әнімен екінші орын алды.