Қарағандының еріктілері «Елбасы Төсбелгісі» республикалық байқаудың алтын деңгейінде жеңіске үміткер

Қарағандының еріктілері «Елбасы Төсбелгісі» республикалық байқаудың алтын деңгейінде жеңіске үміткер

Қарағандылық Зарина Саякулова  «Елбасы Төсбелгісі» республикалық байқаудың алтын деңгейінде жеңіске үміткер. Бұл жоба Бірінші Президент Қорымен және Елбасы Академиясымен «Ел Үміті» бастамасы шеңбері негізінде іске асырылған. Ол 14 жастан 29 жасқа дейінгі жасөспірімдер мен жастарға арналған. Ұйымдастырушылар міндеті талантты отандастарымызды табу және қолдау болды.

- Мен «Елбасы Төсбелгісі» жобасы басталғанын білгенде, дәреже үшін сайысқа түсуге бел шештім, - деп бөлісті Зарина. - Мен сияқтылар мұнда 19 мың. Апта сайын бізге вебинарға қатысып, қоғамдық қызметпен айналысуға не итермелегенін айту қажет болды. Сонымен бірге, белгілі тапсырмаларды орындау, күнделік жүргізу және не істелгені туралы толық айту керек болды. Сол сәтте мен Jas Otan жастар қанатының еріктісі болдым, мұның да көмегі тиді.

Оның айтуынша, жүздеген қатарластары сияқты «Біз біргеміз» акциясына үнемі қатысқан. Олардың міндетіне азық-түлік кәрзеңкесі мен гигиена заттарын жиынтықтау, оларды алушыларға жеткізу кірді. Біреулері мұқтаж отбасыларға барған, басқа біреулері әлеуметтік желілерді белсенді бақылаған және көмекке зәру адамдарды іздеген.

Зарина Саякулова - әмбебап ерікті: онлайн және офлайн жұмыс істеді. 16 жасар қарағандылық ЮНИСЕФ еріктілерінің құрамына кірді, ондағы басты шарт - әлеуметтік желілерде осы бағытты ілгері жылжыту. ҚР Бірінші Президенті - Елбасымыздың мақтау қағазымен марапатталды.

Осы жылы Зарина мектепті тәмәмдады және «Алтын белгі» иегері болып табылады. Болашақта ІТ-маман болғысы келеді. Нұр-Сұлтан университеттерінің біріне грантқа өтінім берді. Одан әрі мұқтаж адамдарға көмектесуге ниетті.

Елбасы төс белгісі жеті бағыт бойынша беріледі. Олардың ішінде – еріктілер қызметі, талантты және дағдыларды дамыту, спорт, кітап оқу, ұлттық мұра, туристік сапарлар және еңбек тәжірибесі. Бағдарламаның үш деңгейі бар: қола, күміс және алтын.

inkaraganda.kz