Приозёрск дәрігерлеріне алғыс пакеттері тапсырылды

Приозёрск дәрігерлеріне алғыс пакеттері тапсырылды

«Дәрігерлерге мың алғыс» акциясы Приозёрсктің Орталық қалалық ауруханасында өтті. Jas Otan жастар қанатының белсенділері меценаттардың қолдауымен ұйымдастырушы болды.

Медицина қызметкерлері алғыс хаттары мен алғыс пакеттерін алды. Сонымен бірге, ӨЖЖ аппаратарына арналған оттегі баллондарын сатып алуға 100 мың теңге сомасына ақшалай сертификат тапсырылды.

- Дәрігерлерге науқастарға қамқорлығы мен назары үшін алғыс айтамыз. Алдағы шепте жұмыс істеп, жерлестеріміздің өмірін сақтап, олар өз денсаулықтарын тәуекелге тігеді, - деп атап өтті, Nur Otan партиясының Қарағанды облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қадиша Оспанова.

«Дәрігерлерге мың алғыс» акциясы жалғасуда.