
Қарағанды облысы «Жақсылық вирусы» қайырымдылық марафонына қосылды. Өлкелік кәсіпкерлер палатасы мұқтаж отбасыларға 100-ден астам қорап азық-түлік таратып берді. Сонымен қатар, акцияның шеңберінде қалалық және ауылдық ауруханаларға 78 оттегі концентратын берді.
- Біз Алматы облысынан қайырымдылық марафонының эстафетасын қабылдадық. Акцияның мақсаты-медициналық мекемелер мен материалдық қиындықтарға тап болған адамдарға көмектесу. Біздің облысымыздың бизнесі мұқтаж жандарға көмек қолын созуға шақырды. Біз жиырма килограмдық азық-түліктің жүзден астам жиынтықтарын құрдық. Бүгін біз оларды atamekenim.kz сайтында өтініш бергендердің барлығына жеткіземіз. Жалпы республикалық акцияны Қазақстанның Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы мен "Менің Атамекенім" қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды", - деді Қарағанды облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Ернар Күлпейісов.
Ол жергілікті тауар өндірушілер үлкен қолдау көрсеткенін атап өтті. Жинақтар толығымен отандық өнімдерден жиналған.
- Игі істе өз үлесімді қосуға қуаныштымын. Көптеген қазақстандықтар бұл марафонды қолдады. Осындай қиын уақытта біз бірге болып, бір-бірімізге көмектесуіміз керек. Тек осылай ғана барлық қиыншылықтарды жеңе аламыз, - дейді көпбалалы ана, кәсіпкер Гүлия Жәңгірова.
Нұр-Сұлтанда жалпыреспубликалық "Жақсылық вирусы" акциясы басталды және Қазақстанның барлық қалаларында өтуде.
Көмекке мұқтаж азаматтардың өтініштері www.atamekenim.kz. сайты арқылы жиналды. Сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың ақпараттық базасы пайдаланылды. Гуманитарлық көмекті алушыларға жеткізудің ашықтығын республикалық қоғамдық бақылау тобы қамтамасыз етеді.