Қарағандылық қыздарға маркетплейсте жұмыс істеудің қыр-сыры үйретіледі

Қарағандылық қыздарға маркетплейсте жұмыс істеудің қыр-сыры үйретіледі

35 қарағандылық ару She-commerce бағдарламасы бойынша ІТ негіздерін оқытудың бірінші кезеңін аяқтады. Олар мобилография, дизайн негіздері, компьютермен жұмыс және т. б. үйренді.

Қарағандылықтар "Террикон алқабы" стартап-экожүйесінде тегін оқиды. She-commerce маркетплейстерде жұмыс істеу курсы USAID кәсіпкерлікті және бизнес-ортаны дамыту жобасының қолдауымен әзірленді.

Оқытудың бірінші кезеңі 35 күнге созылды. Осы уақыт ішінде қыздар Microsoft Office-те жұмыс істеуді үйренді, Google қызметтерін, жұмыс процесін жоспарлау және ұйымдастыру бағдарламаларын, SMM және мобилография негіздерін игерді және Canva қосымшасын пайдаланды.

Екінші кезеңде оларды IT-технологияларды тереңірек зерттейді. Оқу жоспарына "Е-commerce бизнес үлгілеріне шолу және талдау", "Онлайн маркетплейстер әлеміне кіріспе", "Маркетинг және пайдаланушыларды тарту", "Қауымдастықты қолдау және басқару", "Тестілеу, оңтайландыру және іске қосу" сияқты тақырыптар кірді.

– Біздің барлық студенттеріміз ақыр соңында маркетплейстерде сауда жасауды көздеп отыр. Олардың кейбіреулері жаңа білімдерін іс жүзінде қолдана бастады. Біздің бір студенттің өз интернет-дүкені бар, ал екіншісі – 3D дизайнер, жәнеде олар біздің курстарымызда танысқан бағдарламалар мен қызметтерде белсенді жұмыс істейді, – дейді "Террикон алқабының" event – бөлімінің басшысы Ангелина Саратовкина.

Оқу аяқталғаннан кейін қыздар Орталық Азия нарығына шығып, өз бизнесін дамытуды жоспарлап отыр.