
Қарағанды облыстық бейнелеу өнері мұражайында Абай күні өзгеше аталып өтті. Қызметкерлер суретші Вениамин Шамшиннің салған «Абай сөзі» суретін жандандыруға шешім қабылдады. Суреттің-стильдеу қатысушылары ұлы Абайдың өлеңдері мен қара сөздерін түрлі тілдерде оқыды.
- Біз Қазақстанда жаңа мереке – Абай күнін мерекелеу туралы жаңалықты қуана қабылдадық. Өзгеше нәрсе істегіміз келді. Стильдеу картиналары бұрын да жасалған болатын. Бұл жолы Вениамин Шамшиннің «Абай сөзі» таңдалды. Осылайша ұлы Абайдың мұрасын насихаттауға өз үлесімізді қосамыз деген үміттеміз. Оның өлеңдері мен қара сөздерін дүние жүзі біледі, олар көптеген тілдерге аударылған, - деді мұражай қызметкері Назерке Жартын.
Стильдеушілердің жұмыс нәтижесін мұражайдың http://muz-kar-izo.kz/ru/ сайтынан және әлеуметтік желілердегі парақшаларынан көруге болады.
Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай облыстық бейнелеу өнері мұражайы алдында «Дана – Абай, дара – Абай» көрмесін ұйымдастырған. Экспозицияда 30 астам картиналар мен графикалық жұмыстар – Абай портреттері мен оның шығармашылығы сарыны бойынша туындылар көрсетілді.