
Қарағанды облысында құтқарушылар күніне орай 5 шақырымға жаппай мейірімділік жарысы өтті.

Ол 150-ден астам қатысушының басын қосты, олардың арасында ТЖД қызметкерлері де, қала тұрғындары да болды. Олардың әрқайсысы игі істерді қолдауға өз үлестерін қоса алды.

Әйелдер арасында алғашқы үш орынды иеленгендер:
- Екатерина Лакомкина;
- Эльвира Әлжаппарова;
- Наиля Шаймиева.

Ерлер арасында:
- Ақниет Кариев;
- Баубек Сағат;
- Сұңғат Малшыбай.

Марафонға қатысу – бұл жай ғана спорттық іс-шара емес, сонымен қатар күнделікті өз өмірін басқалардың қауіпсіздігі үшін қатерге тігетіндерге қолдау көрсету мүмкіндігі.

Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі