Қарағанды жастары сауатты сөйлеп үйрене алады

Қарағанды жастары сауатты сөйлеп үйрене алады

Қарағандылық жастарды "Сөйле" әлеуметтік жобасына шақырады. Жергілікті дикторлар жастарға дұрыс және мәдени сөйлеуді үйретеді. Тегін сабақтар 1 қарашада басталады.

Қатысушылардың жасы 18-ден 23 жасқа дейін.

Қазақ тіліндегі сабақтарды жүргізуші журналист Райхан Сайранбек дүйсенбі, сәрсенбі және жұма күндері сағат 18:30-дан 20:00-ге дейін өткізеді.

Орыс тілі курсы – тележүргізуші, сөйлеу техникасы бойынша жаттықтырушы Гүлнұр Жәкен сол күндері сағат 17:00-ден 18:30-ға дейін.

Курстың ұзақтығы – бір ай.

Орындар саны шектеулі.

Жазылу телефоны: +7-708-552-24-01 (Айжарқын Сейсен).

"Сөйле" әлеуметтік бастамасы "Барлығына арналған өнер" жобасы аясында Қарағанды қаласы әкімдігінің қолдауымен жүзеге асырылуда.