
Құрметті автокөлік жүргізушілері! Ауа райының нашарлауына байланысты Республикалық маңызы бар автожолдың бірнеше учаскесінде автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалыс жабылды:
- Қарағанды – Аягөз – Бұғаз (17–217 км, Қарағанды – Қарқаралы);
- Қызылорда – Павлодар (970–1135 км, Қарағанды – Павлодар облысының шекарасы, 1135–1206 км, Қарағанды облысының шекарасынан Шідерті кентіне дейінгі учаскеде);
- Екатеринбург – Алматы» (1353–1426 км, Ақмола облысының шекарасы – Теміртау БКП).
ТЖД қауіпсіздік шараларын сақтауды ұсынады:
- алыс қашықтыққа сапарлар мен жаяу жүруден аулақ болыңыз, әсіресе қараңғы уақытта:
- автожолдардағы ауа-райы жағдайлары мен қозғалыс шектеулері туралы ақпаратты қадағалаңыз.
1403 колл-орталығына қоңырау шалып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.
Қарағанды облысының ТЖ департаменті