
"Алтын ғасыр" галереясында 17–22 қазан аралығында "17 және 7" заманауи өнердің стандартты емес көрмесі өтеді. Көру қабілеті төмен 10 көркемөнерпаз әлемге өз көзқарасымен салған суретін көрсетеді.
Жоба Зағип және нашар көретіндер мәдениет үйінің фотограф және режиссері Константин Павленкомен ынтымақтастықта дайындалған.
– Көрме жыл сайынғы "Интеграция" жобасы аясында өтіп, Қарағандының 90 жылдығына арналған. Жобаның өзіне 6 жыл толды. Басты мақсат – біздің тәлімгерлеріміздің мүмкіндіктерін ашу, олардың таланттарын дамыту, – дейді Зағип және нашар көретіндер МҮ басшысы Полина Угланова. – Көрменің кураторы және идеялық шабытшысы – Константин Павленко. Алдымен ол заманауи өнер туралы дәрістер оқыды, содан кейін қатысушыларға шығармашылық арқылы өз ойларын, пікірлерін, проблемаларын, эмоцияларын білдіруді ұсынды.
Көрмеде фотосуреттер, картиналар, инсталляциялар және басқа да көркемдік нысандар ұсынылады. Сондай-ақ, авторлардың туындыларын жасаудағы шығармашылық жолы мен процесі туралы әңгімелейтін бейне презентациялар жоспарланған.
Ашылу күні көрермендерді би тобының қатысуымен спектакль және интерактивті элементтері бар ерекше презентация күтеді.
Көрменің басталуы сағат 11:00-де.
Кіру тегін.
Галереяның мекен-жайы: Комиссаров көшесі, 35а.
Жұмыс уақыты: 10:00-ден 19:00-ге дейін.