
Абай күнінде Қарағанды облысының тілдерді дамыту басқармасы Ұлы ақынның тұлғасын және мұрасын жұртқа танымал етуге арналған онлайн-бауқауын өткізеді. Оған ниет білдіргендердің барлығы қатыса алады.
Абайдың шығармашылығы мен өмірбаяны бойынша білімдерін тексеру үшін тестке сілтеме Қарағанды облысының тілдерді дамыту басқармасының Facebook парақшасында (https://www.facebook.com/profile.php?id=100007858776823) 10 тамызда сағат 10.00-де жарияланатын болады.
Байқау жеңімпаздарына естелік сыйлықтар сыйға тартылады.
Сонымен қатар, 10 тамызда сағат 12.00-де Абай атындағы Облыстық балалар кітапханасы қоғам қайраткері, абайтанушы, Қазақстан журналистері қоғамының мүшесі Бақытқали Мұсабековпен тікелей эфир өткізеді. Ол әлеуметтік желілердегі кітапхана парақшасында өтпек. Тақырыбы – «Абай шығармашылығындағы өнегелік құндылықтар»
12 тамызда сағат 11.00-де Абай атындағы балалар кітапханасы Ақтөбе қ. қалалық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің қатысуымен тікелей эфир өткізеді. Тікелей эфирдің тақырыбы – «Абайдың өлмес мұрасы».