
ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен қызметі карантин шараларын енгізу нәтижесінде шектелген, тыйым салынған не тоқтатылған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қолдаудың қосымша шаралары бекітілді.
ШОБ субъектілері үшін банк қарызы мен микронесие шарттары бойынша мерзімін ұзарту 60 күнге – 2020 жылдың 3 тамызынан 1 қазанға дейін беріледі. ШОБ субъектілерінің банк қарызы және (немесе) микронесие шарттары бойынша төлем мерзімін ұзарту шешімін несие ұйымы қаржылық жағдайдың нашарлауын растайтын құжаттарды талап етпей, қарыз алушының өтініші негізінде қабылдайды.
Несие ұйымдарының қарыз алушының өтініштерін қарау мерзімі 2 жұмыс күнін құрайды.
Қарыз алушының өтініщі ерікті нысанда жасалады және несие ұйымына электронды почта, «банк-клиент» онлайн-жүйесі, интернет – ресурс, мобильді қосымша немесе басқа байланыс құралдары көмегімен ұсынылады.
Банк қарызы немесе микронесие шарты бойынша төлем мерзімін ұзарту егер берешекті өтеудің басқа әдісі өтініште айқындалмаса, қарыз мерзімі біткенге дейін қарыз алушының алдында мерзімі кешіктірілген төлемдерін біркелкі бөлу түрінде жаңа төлем кестесін белгілеу жолымен ұсынылады.
Мерзімін ұзарту тәртібі келесі ШОБ субъектілеріне таралады:
1) жабық (азық-түлік және азық-түліктік емес) базар жұмысы;
2) қалааралық автобустар (микроавтобустар), қала маңы жолаушылар поездерінің (электричка, жұмыс поездерін қоспағанда) қозғалысы, жалпы вагондарды құрастыру;
3) автобус станциялары (автовокзалдар);
4) ойын-сауық мекемелерінің, кинотеатр, фуд-корт, банкет залдарының жұмысы;
5) мейрамхана, бар, түнгі және ойын клубтарының қызметі;
6) тұруды ұйымдастыру бойынша қызметтер;
7) денсаулық сақтау саласындағы қызмет;
8) туристік агенттіктер мен операторлардың жұмыс істеуі;
9) ғимараттарға қызмет көрсету және аумақтарды абаттандыру бойынша қызмет;
10) жылжымайтын мүлікпен сыйақыға немесе шарт негізінде жасалатын операциялар;
11) мәдениет объектілерінің, мұражай жұмысы, конференция, көрме, форум өткізу;
12) мектепке дейінгі ұйымдар қызметі (жеке меншік, мемлекет тапсырынсыз);
13) орта білім беретін жеке ұйымдар қызметі;
14) қоғамдық іс-шаралар (ойын-сауық, спорт, еске алу және басқа қоғамдық іс-шаралар, оның ішінде үйде өтетін);
15) спорт залдарының, фитнес-орталықтарының, бассейн, жағалау, аквапарктер жұмысы;
16) діни объектілер қызметі;
17) косметологиялық қызметтер көрсететін орталықтар мен салондар жұмысы;
18) коммерциялық қызметті қолдауға бағытталған кеңселік әкімшілік және қосымша қызмет көрсету саласындағы жұмыстар.
Экономиканың басқа салалары бойынша шағын және орта бизнес субъектісі несие ұйымына қаржылық жағдайдың нашарлауын растайтын қосымшамен бірге өтінішті 15 қыркүйекке дейін бере алады. Осы ШОБ санаттары үшін өтініштерді қарау 10 жұмыс күніне дейін қысқарды. Несие ұйымы жеке тәртіпте бағалауды жүзеге асырады және қаржылық жағдайдың нашарлауы кезінде 90 күннен кем емес мерзімге несие төлеу бойынша мерзімін ұзарту жеңілдігін береді
Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қолдаудың қосымша шаралары туралы 2020 жылдың 3 тамызындағы бұйрықтың толық мәтінімен мына жерден - https://clck.ru/Q586S танысуға болады.
Қазақстан Республикасының қаржылық нарықты реттеу және дамыту агенттігінің баспасөз қызметінің ақпараты бойынша