
Қарағандылық өнертапқыштар су шығынын едәуір азайтуға мүмкіндік беретін душ жасады. Олардың құрылғысына сұраныс артып отыр: жаңа құрылғыны зауыттар, тренажер залдары және жатақханалар қуана-қуана орнатып жатыр.
«Атамекен» Қарағанды кәсіпкерлерінің өңірлік кеңесінің жанындағы ҒЗТҚЖ тобының басшысы Николай Герасимов өндіріске бұйымдарды енгізумен айналысады және авторларға патенттерді ресімдеу идеясымен көмектеседі. Өз әріптестерімен бірге ол мерзімдік әрекеттегі душ деп аталатын құрылғыны ойлап тапты.
- Бұл душ 12 секунд мерзіммен жұмыс істейді. Ол үшін тетікті басу не аяқпен басқышты ұстап тұру керек. Әрине, ол үйде қолдануға онша келмейді, үйде біз суды уақытылы өшіріп, өзіміз үнемдейміз. Ал қоғамдық жуынатын жерлерде көбіне адамдар арттарынан кранды жауып жүрмейді. Мерзімдік әрекеттегі душты қосулы күйінде қалдыру мүмкін емес: ол егер тетік басылмаса, жұмысын өзі тоқтатады, - деп өнертапқыш жаңалығымен бөлісті.
Мұндай бірінші құрылғы қаланың тренажер клубының бірінде орнатылды. Есептеулер бойынша, тек бір айда 12 есе судың үнемдеуі болды.
- Қазір бізбен жатақханалар, зауыттар қуана жұмыс істеп жатыр. Онда суды үнемдеу аса қажет. Біздің жабдық қымбат емес – бір душ ҚҚС-пен, орнатумен және 3 жылға кепілдікпен бірге шамамен 100 мың теңгеге шығады. Өндіріс толығымен Қарағандыда жайғасқан,- деді Николай Герасимов.
Карантин аяқталғаннан кейін қарағандылықтар қазақстандық нарыққа шығып, өз өнімін басқа өңірлерге ұсынуды жоспарлауда.