Кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңесінде 35 орынға 83 адам үміткер

Кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңесінде 35 орынға 83 адам үміткер

Қарағанды облысында Кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңесіндегі мандатқа күрес өріс алды. Сайлау кампаниясының барысында 113 өтінім берілді. Іріктеу 83 үміткер өтті. Олардың ішінде онлайн дауыс беру жолымен 35 мүшеден тұратын кеңес құрамына сайланады. Бәсекелестік бір орынға шамамен 2,5 адамды құрайды.

Таңдаудың соңғы кезеңі 5 тамызында басталды. Өз үміткеріңіз үшін https://vote.atameken.kz/ сайтында 11 тамызға дейін дауыс беруге болады.

- Қарағанды облысында Өңірлік кеңеске 83 үміткер дауысқа салынды. Олардың ішінде 22 –сі – жеке кәсіпкерлер, 8 – шаруа қожалықтарының басшылары, 49 – ЖШС басшылары. Сонымен бірге ассоциация, АШӨК және ӨК өкілдері бар. Салалар бойынша таралуы: өнеркәсіп, АШҚК, құрылыс, қызметтер, сауда және басқалары, - деп Қарағанды облысының Кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңесінің мүшелігіне үміткерлердің құжаттарын қабылдау және тіркеу бойынша комиссияның хатшысы Азамат Даненбаев мәлімдеді.

Барлық үміткерлердің сауалнамасы мен олардың сайлау алды бағдарламасы келесі сілтеме бойынша орналасқан https://vote.atameken.kz/ru/public/profiles?filter%5Bsearch%5D=&filter%5Bregion%5D=350000000&filter%5Bcategory%5D=EMPTY&filter%5Bsubmit%5D.

Сайлаушылар кәсіпорын, ассоциация субъектілері және және облыс аумағында тіркелген өзін-өзі реттеуші ұйымдар болып табылады.

Онлайн-дауыс берудің екі нұсқасы бар – ЭЦҚ көмегімен не SMS арқылы. ЭЦҚ тәсілі үшін ұйым кілттерін ғана қолдану қажет. Екінші жағдайда сайтта ұйым БСН/ЖСН, дауыс берушінің телефон нөмірін көрсету керек, одан кейін SMS-пен алынған алынған кодын енгізуге болады. Мұндай ресім сайлаудың толық ашықтығын кепілдендіреді. Процесс бірнеше минутты ғана алады.

Сайлау қорытындылары 31 тамызда белгілі болады. Өңірлік кеңестің 60%-ы облыс орталығынан кәсіпкерлік субъектілерінен және өзін-өзі реттеуші ұйымдардың, аккредиттелген ассоциациялардың (одақтардың) өкілдерінен, 40%-ы – аудандық кәсіпкерлік субъектілерінен тұратын болады.